Воскресенье, 06.10.2024, 01:42
Приветствую Вас Гость | RSS

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі!» К.Д.Ушинский 

Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

ТЭЖ бағдарламасының қорытынды сараптамасы

№32 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кусманова Сымбат Кусманкызының «Бастауыш сыныпта деңгейлеп оқытуды құзіреттілік негізінде жүзеге асыру» тәжірибелік зерттеу жұмысы бағдарламасы бойынша істелген жұмыстарына сараптама:

 

Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдірудің бір жолы: олардың өз беттерімен жұмыс істеулерін дұрыс ұйымдастыру. Өздік жұмыс төменгі сынып оқушыларына сәйкестендіріліп, оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселесі болып отырған құзіреттілік ерекшеліктерді оқытуда оқушының өзіндік жұмысы ерекше орын алады.

 

Бастауыш сыныпта деңгейлеп оқытуды құзіреттілік негізінде жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдері

 

Мынадай зерттеу аймағында орындалды:

Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін құзіреттілікті білім негізінде біртұтас оқу-тәрбие үрдісі.

Төмендегідей міндеттерімен:

а) осы тәжірибенің оқу тәрбие жұмысында оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

ә) тәжірибе нәтижесінің ұтымдылығын анықтау.

б) осы тәсілдер мен әдістерді тұрақтандыру.

в) жергілікті жер материалдарын пайдалана отырып оқушылардың өз беттерімен жұмыстарын ұйымдастыруда жақын және алыс шет елдердің жинақтаған тәжірибелерін оқып, ретке келтіру.

г) сынып ұжымының оқу-тәрбие үрдісінде халықтардың дәстүрлері мен салттарының элементтерін қолданып, тәжірибелер жинақтау.

д) оқушылардың білім дәрежесінің деңгейін анықтауға арналған, оқудағы өсу дәрежесінің жылдамдығын, өз іс-әрекетінің ұйымдастыра білуін, өзін-өзі ұйымдастыруын анықтауға арналған психологиялық диагностиканың қорытындысын зерттеп жасау.

 

Зерттеу гипотезасымен:

Оқушылардың өз беттерімен жұмыс жасаулары мынадай жағдайда дұрыс, жан-жақты ұйымдастырылады:

  1. Өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптатырған жағдайда.

  2. Өз өлкелеріне деген сүйіпеншіліктерін оятқан жағдайда.

  3. Өз беттерімен жұмысты ұйымдастырудың тиімді, әр түрлі әдіс-тәсілдерін дұрыс пайдаланған жағдайда.

  4. Әртүрлі әдістемелік жинақтар мен оқулықтарды пайдалана отырып оқушының ойлау қабілетін жетілдірген жағдайда т.б.

 

Зерттеу әдістерімен:

  1. Зерттеу тақырыбына қажетті әдеби оқу құралдарын оқып, талдау жасау.

  2. Педагогикалық байқаулар мен бақылаулар жүргізу.

  3. Оқушының жеке басының дамуына арналған бағдарлама жасау.

  4. Жеке әңгімелер, тест, бақылау жұмыстары.

  5. Деңгейлік тапсырмалар.

  6. Диагностика арқылы оқушылардың психологиялық дамуының сызба картасын жасау.

  7. Өлкетану материалдарын жинақтау, оларды талдауға арналған әдістемелерді оқу.

  8. Оқушының білім деңгейін тексеруге арналған материалдар жинақтау (сызбалар, карточкалар, өзіндік жұмыс түрлері).

 

Зерттеу жұмыстары 3 кезең бойынша жүзеге асырылды:

 

Зерттеу нәтижесіндегі жетістіктерге тоқталатын болсақ:

  • Ең бірінші оқушылар бірлесіп жұмыс істеуге, бірінің ойын бірі түсіне білуге, бірінің білмегенін бірі толықтыруға үйренді.

  • Топта жұмыс істеуге, тапсырмаларды оңайынан қиынына қарай орындай білуге дағдыланды.

  • Өз білімдерін өздері бағалауға, біріне-бірі көмектесуге, ынтымақтастықпен жұмысқа тәрбиеленді.

  • Барлық оқушылар білімдері бағаланып, сабаққа деген қызығушылықтары артты.

  • Баланың еркі оянып, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндіктері артты.

 

Осында жетістіктермен қатар зерттеу жұмысында төмендегідей қайшылықтар да кездесіп отырды.

  • Оқушылардың білім деңгейінің әртүрлілігін жоюда.

  • Мұғалімнің қағазбастылыққа тап болуы

  • Ата-аналар тарапынан көмектің аз ұйымдастырылуы

  • Өздерінің білімдерін бағалауда әлі де түрлі әдістер қолданудың аздылық етуі.

 

Зертеу қорытындысы мынадай шаралармен жүзеге асырылды:

Бастауыш сыныпта деңгейлеп оқытуды жүзеге асыруда әдістемелік апталықтарда: 4-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Сын есім тақырыбын оқыту», 1-сыныпта математика пәнінен «1-10-ға дейінгі сандар құрамы», бастауыш сыныптар апталығында өткізілген 2-сыныпта әдебиет сабағынан «Кімнің мекені жақсы» оқушыларымен ашық сабақтар өткізіліп, бірлестік отырыстарында ортаға салынды.

Қалалық ғылыми-практикалық конференцияда: «Бастауыш мектепте халықтық педагогика элементтерін пайдалана отырып әр түрлі деңгейдегі дидактикалық материалдарды жасау және пайдалану» атты баяндама.

«12 жылдық білім жүйесіне көшудегі денсаулық сақтау технологиясы» атты конференцияға қатысып «Бастауыш мектеп оқушыларын оқытудағы денсаулық сақтау ортасын жасау» баяндамалары оқылып талданды.

«Оқу үрдісіндегі білім сапасын көтеру жолдары», «Тәжірибелік зерттеу жұмысының төменгі сыныпта сабақ берудегі тиімділігі» атты баяндама педагогикалық кеңесте оқылды.

«Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру», «Деңгейлеп оқытудың маңызы», «Шығармашылық жұмыстар жетістіктері» атты бірлестік отырыстарында оқылған баяндамалар әр мұғалімнің көңілінен шықты.

Қалалық семинарларға қатысып, ашық сабақтар, іс-шаралар өткізілді. Қала мектептерінің директорларына арналған семинар: «Деңгейлеп оқыту технологиясын төменгі сыныпта пайдалану». Оқу ісі меңгерушілеріне арналған «Бастауыш сыныпта деңгейлеп оқытуды құзіреттілік негізінде жүзеге асыру» тақырыбымен өткізілген семинардағы «Деңгейлеп оқуға арналған қосымша материалдар мен құралдар» атты баяндамалар.

Өздік жұмыстарға арналған деңгейлік дидактикалық тапсырмалар әзірленді:

 

Дидактикалық материалдар

Атауы

сынып

Мұғалімнің аты-жөні

1

Қазақ тілі. Қосымша деңгейлік тапсырмалар

2

Кусманова С.К

2

Қазақ тілі пәнінен оқушылардың өз өлкелерін танып-білулеріне негізделіп жасалған қосымша жұмыс дәптері

3

Кусманова С.К

3

«Осы менің туған өлкем» жұмыс дәптері

2-3

Кусманова С.К

4

Өлкетану. Дүниетану пәніне арналған қосымша құрал

3-4

Кусманова С.К

5

Өлкеміздегі жануарлар. Дүниетану пәніне арналған қосымша құрал

2-4

Кусманова С.К

6

Біздің елде мекендейтін құстар. Дүниетану пәніне арналған қосымша құрал

1-4

Кусманова С.К

7

Өлке өсімдіктері. Дүниетану пәніне арналған қосымша құрал

1-4

Кусманова С.К

8

Қазақ тілі. Диктанттар жинағы

3

Кусманова С.К

9

Математика пәнінен дидактикалық материалдар. 1-деңгей

3

Кусманова С.К

10

Математика пәнінен дидактикалық материалдар. 2-деңгей

3

Кусманова С.К

11

Математика пәнінен дидактикалық материалдар. 3-деңгей

3

Кусманова С.К

12

Сауат ашу пәніне арналған №1 қосымша жұмыс дәптері

1

Кусманова С.К

13

Сауат ашу пәніне арналған №2 қосымша жұмыс дәптері

1

Кусманова С.К

14

Сауат ашу пәніне арналған №3 қосымша жұмыс дәптері

1

Кусманова С.К

 

Категория: Мои статьи | Добавил: kusmanova_32 (11.12.2017)
Просмотров: 1388 | Рейтинг: 3.0/1
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
uCoz