Тәрбие білім бастауы. Қазақстанда қазіргі уақытта білім беру жүйесі–болашақ ұрпақты жан-жақты жетілдіретін білім беру жүйесі екені сөзсіз. Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір–бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл-Фараби "Адамға еңбірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы" деген екен. Бүгінгі бәсекеге қабілеттілікті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеп шығарудың бастамасы мектептен басталады. Соған дәлел ретінде осы сайтымды ашып, өткізілген сабақтарым мен сынып сағаттарымды жүктеуді жөн көрдім. Сайт мәзірі негізгі бет, сайт жайлы мағлұмат, сайт ашқан адам жайлы дерек, мақалалар мен сабақ жоспарлары жүктелген бөлімнен, фото жинағы мен ата-аналарға арналған бет пен форум және кері байланыстан тұрады. Әрбір бөлім жеке бөлімшелерге бөлінген. Сайтты ашқан адам жайлы мәзірінде сол адамның жеке өмірбаяны, білімін көтеруге арналған құжаттар және өткізген қалалық, мектепшілік, республикалық іс-шаралардың жинақталған фотолар бөлімшесінен тұрады. Балаларға арналған мәзірде оқушылардың жетістіктері, оқушыға арналған кеңес және қол еңбектерін бөлімшесі енгізілген. Ал ата-аналарға арналған мәзірде сыныптың сабақ кестесі, ата-аналарға арналған кеңес және сауалнамалар бөлімшесі кездеседі. Форум мәзіріне өздеріңізді ойландырып жүрген тақырыпты ортаға салып, ой бөлісе аласыздар. Кері байланыс мәзіріне тоқталсам кез келген адам өз сұрағын жолдап, пікір қалдыра алады.
Бастауыш сынып мұғалімі
Кусманова Сымбат Кусманкызы