Суббота, 05.10.2024, 23:37
Приветствую Вас Гость | RSS

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі!» К.Д.Ушинский 

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Ата –аналарға кеңес

     Қазақ тілі сабағынан тапсырманы қалай орындау керек?

  1. Үй жұмысын орындауды қатемен жұмыстан баста. Ұмытып қалған ережелерді еске түсір.
  2. Берілген анықтамаларды жатта. Осы анықтамаларға байланысты өзің мысал келтір.
  3. Жаттығудың тапсырмасын оқы.
  4. Барлық жаттығуларды оқы. Тақырыпқа берілген тапсырманы ауызша орында.
  5. Жаттығуды жазбаша орында.  

Егер ертеңгі күнге өлең жаттау қажет болса

  1. Сабаққа дайындықты өлең жұмыс істеуден баста.
  2. Өлеңді дауыстап оқы. Қиын сөздерді түсін.
  3. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңнің мәнеріне, ырғағына, көңіл-күйіне сезіне біл.
  4. Өлеңді 2-3 рет оқы. Оны есте сақтауға тырыс.
  5. Бірнеше минуттан соң өлеңді еске түсіріп дауыстап айтып көр. Егер қажет болса ұмытқан жерлеріңді мәтінге қарап айт.
  6. Үй тапсырмасын орындап болған соң, өлеңді мәтінге қарамай 2-3 рет қайтала.
  7. Ұйықтар алдында тағы өлеңді қайтавлап айтып көр.

Келесі күні таңертең өлеңді тағы бір рет оқып, айтып бер. 


Егер өлең жаттауға 2 күн қажет болса

Бірінші күні: Өлеңді ішіңнен оқы. Түсініксіз сөздерді анықта.

Тағы бірнеше рет өз бетіңмен ішіңнен оқып көр. Тағы бірнеше рет дауыстап оқы. Өлеңнің мәнерін, ырғағын түсінуге тырыс.

Екінші күні: Өлеңді ішіңнен оқы. Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқы. Өлеңді еске сақтап оқы. Ұйықтар алдында тағы бір рет айтып көр.

Ертеңінде таңертең өлеңді бірінші оқулықтан, онан соң жатқа айтып көр.


Егер өлең үлкен әрі еске сақтауға қиын болса

 

  1. Өлеңді шумақтарға немесе мазмұнына қарай тармақтарға бөл.
  2. Бірінші бөлімін жатта.
  3. Екінші бөлімін жатта.
  4. Бірінші және екінші бөлімді бірге қайтала.
  5. Үшінші бөлімін жатта.
  6. Өлеңді толық жатқа айтып бер.
  7. Ұйықтар алдында өлеңді қайтала.
  8. Ертеңгі күні таңертең өлеңді оқулықтан оқып, онан соң жатқа айтып бер.

    Дұрыс көшіруді қалай үйрену керек

 

1. Сөзді буынға бөліп жазылуы бойынша оқы.

2. Буынға бөліп өзіңнің ішіңнен айтып отырып жаз.

3. Оқулық бойынша сөзді оқи отырып дәптеріңмен салыстырып тексер.


Еске сақтау диктантына қалай әзірлену керек?

  1. Мәтінді түгел оқы. Түсініксіз сөздерді мұғалімнен сұра.
  2. Мәтінді жаттап есіңе сақта.
  3. Тағы бір рет ұқыппен оқып шық.
  4. Оқулықты жауып қойып жаз.
  5. Тексер: дәптердегі сөзді оқы, оқулықпен салыстыр.

    Мәтінге қалай жоспар құру керек?

1.Мәтінді бөлімдерге бөл.

2.Бөлімнің негізін қысқаша ата. Сол бөлімнің аты болады.

3.Әр бөлімнің аты, мәтіннің жоспары болады.


Мазмұндама жазуға қалай дайындалу керек?

  1. Мәтінді толық оқы. Негізін анықта.
  2. Негізгі тірек сөздерді анықта.
  3. Мәтінге жоспар құр.
  4. Мәтінді тағы бір қайталап оқы.
  5. Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз.
  6. Жазғаныңды тексер.

Шығарма жазуға дайындық

1.Шығарманың әуелі тақырыбын ойлан. Тақырыптың әрбір сөзінің өзіндік ерекшелігі бар екенін ұмытпа.

2.Шығармада не туралы жазу керектігін анықта.

3.Шығарманың негізін ойлан.

4.Бірінші нұсқасын жазып көр, ол шығарманың түйінін аша ма?

5.Шығармада жазылған қажетсіз сөздерді сызып, мағынасын ашатындай қосымша сөз тіркестерін қосып жаз.

6.Шығармадағы көркем сөздерге көңіл аудар. Сөздер тіркесі сәтті шыққан ба? Мүмкін болса, өзгеріс енгіз.

7.Шығарманы түгел оқып тексеріп, көшіріп жаз.


 

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Copyright MyCorp © 2024
uCoz