Воскресенье, 06.10.2024, 05:40
Приветствую Вас Гость | RSS

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі!» К.Д.Ушинский 

Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Тәрбие сағаты

Доссыз өмір – тұзсыз ас!

Мақсаты: «Дос» - деген сөздің мағынасын ашу, «Достық» туралы ұғымдарын кеңейту, зерделеу қабілетін дамыту, жолдастық, достық қатынастарды әділетті, ақыл – парасат пен адал болуға, шыншылдыққа, көпшілдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, газет материалдары, көрме, шар ішіне жасырылған ситуациялық сұрақтар, «балық аулау» ойыны.
Ойын барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау.
II. Ойын жоспары: Командаларды таныстыру, сайыс тапсырмалары:
1. Достық туралы мақал – мәтелдер.
2. «Балық аулау» ойыны.
3. «Достың да досы бар»
-Сәлеметсіздер ме құрметт іоқушылар мен ұстаздар!
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймын. Балалар, сіздер дос болу деген не екенін білесіздер ме? Әрине, білесіздер, досы болмайтын ешбір адам болмайды иә?! Ендеше осы сыныпта дос бар ма екенін дәлелдейік, ол үшін қазір біз үш топқа бөліп, дос туралы пікір таластырамыз және өз күшімізді тексерелік.
1 – топ «Бірлік» топ басшы Абай;
2 – топ «Ынтымақ» топ басшы Мансұр,
3 – топ «Достық» топ басшы Дәуренд
1 – оқушы:
Достық – деген таусылмайтын қазына
Көктемде де солып қалар гүл емес
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес
 Шын досың сырттан әр ісіңе тілектес болып жүреді. Қиын қыстау күндерде сенімді ақтар дос бар да, дос қадіріне жетіп, достықты кіршіксіз сақтай алу бар. Адал дос мінін айтқанға арланбай ақылмен тыңдап, өз мінезінің қисығын жөндейді. Сондықтан достарың айтқан сын сөзді дұрыс қабылдай білу керек.
2 – оқушы: 
Не жетеді ғазиз дос қарасында,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда
Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң, ұйықтамайды ол – дағы
Адам үшін ата – анадан кейінгі ең жақыны - жақсы дос. Адам ес білгеннен бастап өзің түсінетін, жаныңа серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Достық әлемі қызық оқиғаларға, адал, шынайы қарым – қатынастарға, асқақ адамгершілікке толы әлем.
Ұлы ғұламалардың өздері достық туралы жан тебірентерлік жыр шумақтарын төкпей қоймаған. Достық адам өмірінің тірегі. Сол достық туралы ғұламалардың айтқан даналық сөздеріне тоқтала кетейік!
1 – оқушы:Адамның мінез – құлқы мен ақылы жайында дұрыс пікірге келудің сенімдітәсілі – оны кітап пен дос таңдауына қарай бағалау.
К. Гельвеций
2 – оқушы: Қызмет пен достық – екі параллель сызықтар қосылмайды.
1 – оқушы: Нағыз достар болу үшін бір – біріне сенімді болу керек.
2 – оқушы: Ұсақ-түйек кемшіліктерді бір – біріне кешіре алатын адамдарда ғана шынайы достық байланыс бола алады.

1 – оқушы:Нағыз дос қана өз достарының осалдықтарына төзе алады.
2 – оқушы: 
Қартайғанда достар саны көбеймейді,
Жоғалғанның бәрі ол кезде қайта оралмайды.

1 – оқушы: Бір ғана жағдайда  мәселен досқа шындықты ашпайтып, сол арқылы оған өзінің адалдығын дәләлдеу жайында болып отырған кезде ғана – бізге достың намысына тиюден қорқатын ештеңе жоқ.

2 – оқушы: Достық ең алдымен шынайылық, жолдасының қателіктерін сынау керек. Достар жолдасы өзінің қатесін түзей алатын болу үшін бірінші болып қатаң сынау керек.
1 – оқушы: Егер сен досыңа ол туралы, оның қылықтары туралы, не ойлайтындығы туралы, ашықтан – ашық, тіпті қатаң түрде айта алмасаң немесе одан өзің туралы дәл сондай шындықты құлақ асып тыңдай алмасаң, онда сендер бір – біріңе шынымен сенбейсіңдер, бір – біріңді түсінбейсіңдер және құрметтемейсіңдер.
2 – оқушы: Тура шындықтың жанасқанына төтеп бере алмаған достық туралы өкініп те керегі жоқ.
1 – оқушы: Нағыз дос бақытсыздықта танылады.
2 – оқушы:Досыңды оңашада сөгіп, көпалдында мақта, 
1 – оқушы:Өзіңнің достарыңды сақтаудың ең жақсы жолы оларға опасыздық етпеу
2 – оқушы:Достың қолы ғана жүрекке қадалған тікенді жұлыптастай алады.
1 – оқушы:Нағыз достық күншілдік дегенді білдірмейді.
2 – оқушы: Достықтың доңғалағына әдепті, сыпайыгершілік майын құйып отыру – даналық
1 – оқушы: Сенімсіз достар жазда ғана кездесетін қарлығаштар. Олар – күн сағаттары, олардан келер пайда күнсәуле шашып тұрғанда ғана.
2 – оқушы: Қорқақдосдұшпаннан да жаман, өйткенідұшпаннансақтанасың, досыңасеніпқаласың
1 – оқушы: Қиын – қыстау жағдайда досын тастап кеткен адам, сол қиындықты кейін өзі тартады

Достықтуралымақал – мәтелдер.
1 – оқушы: Жүз сом ақшаң болғанша
Жүз жолдасың болсын.
2 – оқушы: Тәуір көрген досыңа
Тәуір көрген малын бер
Көре – көре сүйінсін.
Жаман көрген досыңа
Жаман көрген малыңды бер
Көре – көрекүйінсін.
1 – оқушы:
Жаман туғаның болғанша
Жақсы жолдасың болсын
2 – оқушы:
Қажы малы мың жолдас жоқпен тең
Жаның қиған бір жолдас көппен тең
1 – оқушы:
Досыңа өтірік айтпа
Дұшпаныңа сырыңды айтпа
2 – оқушы: Есептескен дос болмас
1 – оқушы: 
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті жау алмас.
2 – оқушы:
Досқа атбер ме,
Ат берсең жай жүр деме
1 – оқушы:
Дос деп сынамай сыр айтпа
Достың да досы бар
2 – оқушы:
Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады
1 – оқушы: Жақсы – жаныңа жолдас
Жаман малыңа жолдас
2 – оқушы:
Жақсы дос пайдасын тигізеді, зиянын тигізбейді
Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді
«Балықаулау» ойыны.
Тақтада көріп тұрғанымыздай, судың артында 7 – қарапайым балық жасырылған оған + 5 ұпай, ал екі балықтың бірі «Алтын балық» және «Акулла» жасырылған. Егер «Алтын балықты» ауласаңыз сіздерге + 10 ұпай бонус қосылады, ал егер «Акулла» түссе – 10 ұпай шегеріледі. Бұл балықтар арқылы біздер ситуациялық сұрақтарға жауап береміз. Әр жауап беру уақыты 45 сек...Сондықтан бұл ойында тиянақтылық пен қатар шапшаңдыққа жететеді.
1 – сұрақ: Сенің қиындық пен қуанышта қасыңда болатын, сені түсіне білетін жан досың бар ма? Болса, оның қандай қасиеттерін ерекше бағалайсың?
2 – сұрақ: Мектепке кешігіп бара жатырсың. Уақыт таяп қалды. Кенеттен құрбың қоңырау шалып, қатты ауырып жатқандығын айтып, дәрі алып келуін өтінеді. Бұл жағдайда қандай әрекет жасар едің?
3 – сұрақ: Саған ата- анаң үй тапсырмасын орындау керектігін ескертті немесе сұрап тексереді. Кенеттен жан досың қоңырау шалып, оған бір топ балалар тиісіп жатқандығын айтып, келуін өтінеді. Бұлжағдайда не істер едің?
4 – сұрақ: Көптен күткен әншінің концертіне билет алуға бара жатырсың.
Қалтаңда 2000 теңге, билет құны 2000 теңге, жолдан құрбыңкездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңгеберуін өтінеді. Бұлжағдайда не етередің?
5 – сұрақ: « Ескі дос келгенде жаңа достың көзінен жас шығады» - деген мақалдың мағынасын аш.
6 – сұрақ: «Есептескен дос болмас» мағынасын түсіндір?
7 – сұрақ: Сен мектепте кезекшісің. Сыныптасыңның сөмкесінен ақша жоғалды, оны сенен көреді. Бұл жағдайдан қалай шығасың?
«Достың да досы бар» демекші, әр адамның өзінің жан дүниесін түсінетін ішкі сырын ақтаратын сырлас досы болады. Осы отырған оқушылардың ішінен ең жақын жан достарды ортаға шақырамыз.
Екі достың пікірі (Не үшін? Қалай?)
Достығын ыммен түсіндіру
Ситуациялық сұрақ: мына шардың ішінде 3 – сұрақ бар. Қандай шардағы сұраққа жауап беру өз еркін.
1. Екеуің жан доссыңдар және тағы да бір достарың бар, үшеуің сырт көзге қарағанда қызығарлықтай құрбыларсыңдар. Бірақ та сен онымен көп жағдайда келіспей қаласың, ал сенің жан құрбың онымен жақсы сыйласады. Сен кімді таңдар едің?
2. Сіздің құрбыңыз жаман қылық көрсетіп, сол үшін жұрт алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сіз құрбыңыздікі дұрыс болмаса да, оның көңіліне қарап, оны жақтайсың ба?
3. Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен не істер едің?
4. «Карикатура» сурет салу. Тақтаға жаман қасиеті мен жақсы қасиетін сал.
5. Осы құрбыларға сынып жетекші апайы сұрақ қояды.
Ал біздің ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Дос болуға лайықты жан болайық!

Топтың топ басшыларын мадақтау. Қош сау болыңыздар!

Категория: Мои статьи | Добавил: kusmanova_32 (08.12.2017)
Просмотров: 357 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
uCoz