Воскресенье, 06.10.2024, 05:34
Приветствую Вас Гость | RSS

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі!» К.Д.Ушинский 

Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Тәрбие сағаты

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№32 орта мектебі»КММ

Біліктілігі жоғары,

екінші санатты, үшінші деңгейлі

бастауыш сынып мұғалімі

Кусманова С.К

Тәрбие сағаты: Анаға қарап қыз өсер.

Мақсаты: Қызбалаларды ұлттық тәрбие негіздері мен салт – дәстүрді, халықтық әдеп пен өнерді дәріптеуге үйрету. Ана тілінде таза сөйлей білу дағдыларын дамыту. Инабаттылық пен талғам қалыптастыру.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, аналарға арналған альбом, сыйлықтар

Өтілубарысы:

Мұғалімніңсөзі: -Құрметтіасыланалар,қадірліәжелер,И Тқызғалдаққыздарбүгінгі «Анағақарапқызөсер» аттытәрбиесағатынсіздердіңқұрметтеріңізгеарнаймыз.Көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Жанұяларыңызға бақыт сыйлап,көктем нұрын шашсын! Бұл аналардың жылына бір рет келетін төл мерекесі. Дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Бүгінгітәрбиесағаты 2 бөлімнен тұрады.

  1. Әдеби музыкалық сәлем.
  2. «Анағақарапқызөсер» аттысайыс.

Алғашқысөзімдіаналардыңанасыәжелерге, асыланаларға және аналардыңкөмекшілері, қамқоршыәпкелер мен қыздарымызғаарнаймын.

Ана! Не дегенмейірлі, не дегеншапағатсөзеді!

Анадеймізбәріміз де аңқылдап,

Анадейдіжассәби де жарқылдап.

Анадеген – бәйтерегі өмірдің,

Анадеген – алтын қазық, алтын бақ.

Анадеген – асылжандарболаттай,

Анадеген – мөлдіржандарбұлақтай

О, адамдар, қадірлейбілананы,

Жат қылыққаақыл – ойдытонатпай.

Адам үшінеңаяулы, еңқастерліжан – Ана. Ол бала дүниегекелгенкүнненбастапөзініңжұмсақалақанын, жылыжүзі, ыстыққұшағы мен мейірімін, махаббатынарнайды. Анамахаббатыадамғақанатбітіреді, күшбереді, рухтандырады.

Ән «Анағасәлем»(барлық бала хормен орындайды)

Қазақ халқы ертеде ұлдарын ел қорғайтын батыр болсын деп, ал қыздарын сол батырдың жаудан келуін күтіп, бала өсірер ана болсын деп тәрбиелеген. Ендеше бүгінгі «Анаға қарап қыз өсер» атты сайысымызды бастаймыз!

 

Ұлдар биі:Қара жоға.

Мұғалім: Ендеше сайысқа түсетін аяулы аналар мен қылықты қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Ардақты ата – аналар!

Бүгін біздер жарысайық.

Өзгелермен бақ сынасып,

Белсенділік танытайық.

(Әділқазыларалқасын сайлау,таныстыру)

1. Бөлім «Таныстыру».

Өнерқуыпаналарөтердеймін,

Қызыменмұратынажетердеймін.

Бұлсайыстааналар кезектесіп,

Таныстырыпөздерінөтердеймін.

(Әділқазыларбағасынбереді)

2. Бөлім «Сұрақ – жауап»

«Жасындабайқарыжоқтың, үлкейгендеайтарыжоқ», - дегендей, халқымыздыңжасшағындакөпнәрсегезерсалып, байқапжүругебағдарбереді. Ендігікезектесынғатүскенаналарымыздыңберілген сұраққадәл де нақтыжауапберулерінбайқайық.

1-бөлім

1. Қазақтың үш биі кімдер? (Төле би, Қазыбек би, әйтеке би)

2. Төрт түліктің пірлері. (Ойсыл қара, Қамбар ата,Зеңгі баба, Шопан ата)

3.  Бес асыл. (Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

4. Шашалыпқалғанадамға не дейді? (май қап)

5.  Ұш байлық. (Денсаулық, ақжаулық, он саулық)

6.  Үш арсыз. (Ұйқы, тамақ, күлкі)

2-болім

  1. Үш кескенде кесірткелік әлі қалатын жыртқыш.(жылан)
  2. Жүндеуге жақсы жануар.(түйе)
  3. Жолы болатын жігіттің алдынан шығатын кім?(жеңгесі)
  4. Мүйіз сұраймын деп жүріп құлағынан айырылған жануар?(ешкі)
  5. Бір қарын майды шірітетін не?(құмалақ)
  6. Тауықтың түсіне кіретін дән?(тары)

 

3-бөлім

1. Сақина мен жүзіктің айырмашылығы қандай? (Сақинаға тас қойылмайды)

2. Бес дұшпан. (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

3. Семіздікті көтеретін жануар.(қой)

4. Үш жетім. (Жаңбыр жаумаса – жер жетім.

Басшысы болмаса – ел жетім.

Ұқпаса айтқан – сөз жетім)

5.Өз атын өзі шақыратын құс.(көкек)

6.Қуаныштың белгісін білдіретін қандай сөз?(шүйінші)

4-бөлім

Ата мұрасы асыл қазына (салт-дәстүрге байланысты сұрақ)

  1. Қымызмұрындық деген не?
  2. Саумалық деген не?
  3. Сыралғы деген не?
  4. Шарғы салу деген не?
  5. Босаға майлау деген не?
  6. Жиенқұрық деген не?

 

Қымызмұрындық - бие байлап, алғашқы қымыз ішу тойы. Оған ауыл ақсақалдары, көршілер шақырылады. Ақсақалдар үй иесіне рахмет айтып, батасын береді. Қымызмұрындыққа шақырылған адамдар соңыра бие ағытылар кезде соңғы қымызға және шақырылады. Ал бұл дәстүр сірге мөлдіретер аталады. Кей жерлерде бұл дәстүрді сірге жияр деп те атайды.

 

Саумалық- Наурыз туып, жер көктеп, күн жылынғанда өлеңмен айтылатын дәстүрлі тілек,
«Саумалық, саумалық,
Жаңа келген жақсылық.
Жаңа келген береке,
Жаңа келген мереке.
Көрмедік пе,
Көрдік пе?» - деп масайрайды екен бұрынғының қазағы.

 

Шарғы салу (салт-дәстүр) – ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз. Мұны біздің ана тілімізде «шарғы салу» - деп атайды. «Шарғы» салынған қызға женгелері, замандастары бас қосып келіп, жақсы тілек білдіріп шай ішеді.

Босаға майлау - жастар жеке отау құрғанда немесе отбасы жаңа үй алғанда жақын-жуықтары үйдің босағасына май жағады. Бұл осы үй берекелі, майдай жағымды, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде берілуі керек.

Жиенқұрық - халық дәстүрі бойынша жиен нағашыларынан қалаған затын «жиенқұрық» алуға тиіс. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай үш рет қалағанын беруге міндетті. Жиенқұрық кей жерлерде қырық серкеш деп те аталады. Бұл туралы Тәуке хан тұсында қазақ мемлекеттілігі мен құқықтық жүйелерінің дамуында маңызы зор болған «Жеті жарғыда» «Нағашы жиеніне «қырық серкеш» беруі керек. Жиені нағашысына «қырық серкешімді алуға келдім» - деп арнайылап барғанда, оны құр қайтармай, қалағанын береді» деген нұсқау болған.

5- бөлім

Барлығына бірдей

Өмірлік ұстанымыңыз не?

1-бөлім

Құлақтан кіріп, бойды алар. (мақалды жалғастыр)

1.Көп сөз көмір, (аз сөз алтын)

2. Оқу білім азығы, (білім ырыс қазығы.)

3. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар.)

4. Білімдіге дүние жарық, (білімсіздің күні қаріп.)

5.  Адам аласы ішінде, (мал аласы сыртында.)

6. Отансыз адам, (ормансыз бұлбұл.)

Ән «Ана туралы жыр»

2-бөлім

Кімдер жүйрік, сұраққа жауап берейікші,

Мектептің мақтанышы боп жүрейікші. (қыздарға сұрақ)

1. Ұлттық аспап? (Домбыра)

2. Жүз жыл? (Ғасыр)

3.Ауызбекітуайы? (Ораза)

 

1.Біраптаданешекүн бар? (7)

2.Біржылданеше ай бар? (12)

3. Астананың туған күні? (6 шілде)

1.Исламныңқасиеттікітабы? (Құран)

2.Сөзөнерісайысы? (Айтыс)

3. Тұнғыш ғарышкер? (Т.Әубәкіров)

 

1. Қыс айларын ата. (Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан)

2. Республика рәміздері? (Ту, Елтаңба, Әнұран)

3. Желтоқсан құрбандары? (Ләззат, Қайрат, Сәбирә)

 

1. Білім күні. (1 қыркүйек)

2. Ұлыстың ұлы күні. (Наурыз)

3. Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)

 

1. Төрт түлікті ата? (Түйе, сиыр, қой, ешкі, жылқы)

2.Анаңның әкесі саған кім болады? (Нағашы)

3. Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама! (Кітап)

 

Мұғалім: (Әділ қазылар бағасын береді)

3. Бөлім: «Ас –адамның арқауы» (Салат жасау)

(Әділ қазылар бағасын береді)

 

4. Бөлім «Сәукеле дайындау»(үй тапсырмасы)

Әрбір ана сәукелесін таныстырады

Би: «Арулар биі» (сәукелелі арулар қосылып би билейді)

 

5. Бөлім. Шаш сәндеу ( жылдамдыққа шаш өреді)

Қыздарға әсемдік жарасады,

Ай – көркі биіктетер аласаны.

Болмаса ару қыз, сұлу әйел,

Табынып, ер кімдермен санасады.

(Әділ қазылар бағасын береді)

 

6. Бөлім «Өнер көрсету»

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуіәнсалыпты.

«Өнерлі өрге жүзер» байқауында,

Қолсоғып, баршахалықтамсаныпты.

(Әділқазыларбағасынбереді)

Сөзкезегіәділқазыларда.

Мұғалім: Жеңістеріңізқұттыболсын, құрметтіаналар! Әрдайымбалаға дегенмейірімдеріңізортаймасын. «Аналарадамдыбесіктенбастапбаулиды, өмірдіңіргетасысолардыңқолыменқаланады» дегенсөз бар.

Аналарқалқыпбақытаралында,

Лайыммұңқонбасынжанарына.

Салтанаттыкешімізаяқталды.

Гүлбітсінбәріңіздіңқадамына, - дейотырыпбүгінгімерекемізді аяқтаймыз.

Категория: Мои статьи | Добавил: kusmanova_32 (08.12.2017)
Просмотров: 522 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
uCoz