Воскресенье, 06.10.2024, 01:49
Приветствую Вас Гость | RSS

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі!» К.Д.Ушинский 

Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Сабақ жоспары

4 - сынып
Сабақтың тақырыбы:
Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Мақсаты: Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқып танысады, оқу дағдылары қалыптасып артады, әңгіменің тақырыбын ашады.
Оқушылардың сөздік қоры, ойлауы, көз алдына елестетуі қаблеттері дамиды.Адамгершілікке, жанашырлыққа, мейірімділікке үйренеді.
Көрнекіліктер: М. Әуезовтың шығармалары, портреті
, интерактивтік тақта, бейнетаспа, бейнефильм «Жетім монологы»
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
. Сыныптағы оқушыларды түгендеп, топқа бөлу, топ басшыларын тағайындау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар:
1. Үйге қандай тапсырма берілді?
- Асқар Дулатовтың «Аяулы Жақан» әңгімесін оқып келу және мазмұнын айту
, әңгімені «3сөйлем, 1сурет» стратегиясына салу.
2. Үйдегі дайындық бойынша әңгіменің мазмұны сұралып, дәптерге орындап келген «3сөйлем,1сурет » әдісі тексеріледі.

3. Ал енді балалар мына сызба бойынша Міржақыпқа сипаттама жасайық.
Міржақып
Ерекшелігі: Сыртқы түр - әлпеті қалай суреттелген?

Автордың көз қарасы, ойы.
1. Жақаң деп не үшін айтылған?
- Міржақов Дулатовқа деген сыйдың бір құрметі.

Миға шабуыл: Сурет беріледі, сұрақтар қою арқылы тақырыпты оқушылар ашады.

Сұрақтар:

  1. Бұл кім?Не байқадыңдар? Қандай жазу жазылған? Қай ел деп ойлайсыңдар?

Мақсат қою : Бүгін сабақта не істеуіміз мүмкін? деген сұраққа оқушылардың пікірлері тыңдалып, сабаққа мақсат қойылып тақырып тақтаға жазылады.
Дәйексөз: Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, мына жердегі дәйексөзге көңіл аударайық:
« Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес».
(М. Әуезов)
Сұрақ:
1. Өз тілін, әдебиетін білмеген деп нені айтып тұр деп ойлайсыңдар?( тілін білу, әдебиетін білу)
Ал енді мен сендерге тереңірек түсіндіріп берейін.
Әр ұлт өз тілін білу керек.
Өз тілін білген адам, өзінің өткенін біледі.
Өткені дегеніміз ол - тарих, тарихтың айнасы - әдебиет.Біз одан оқып білеміз.

 Ал енді мына слайд шоуға назар аударыңдар.(М.Әуезов жайлы толық мәлімет жазылған слайдтар)
М. Әуезов туралы мәліметті сендер толық алдыңдар деп ойлаймын.
М. Әуезов туралы не білеміз?
Мухтар Әуезов↓
*Қазақтың ұлы ғұлама жазушысы.
*Қазақты әлемге танытқан қоғам қайраткері.
*Шығыс Қазақстан облысында туған. (1897 - 1961ж)
Драматург
*М. Әуезовтің бүкіл әлемге тараған 4 томдық роман эпопеясы қалай аталады? «Абай жолы»

«Сымсыз телефон » стратегиясы бойынша «Жетімнің монологы» бейнефильмін көрсетіліп талданады.

Жаңа сабақ: М. Әуезовтың «Жетім» әңгімесі.
Барлық балаға мәтін таратылады, тізбектеп бүкіл сынып оқиды. Топ ішінде өзара талқылайды.

Сөздік жұмысы: Қиянат - әділетсіздік. Қаға беріс - шеттеу. (сөздеріне түсінік беріледі)

Топтық жұмыс:

І-топ Мәтінге жоспар құрады.

ІІ-топ «Жетім» сөзіне тұжырым картасын құрады.( «Жетім» — деп кімдерді айтамыз? Көз алдарына кімдер елестейді?)

ІІІ-топ «Т-кестесі» кестеге Қасымның кезіндегі жетім балалар мен қазіргі замандағы жетімдердің жағдайын салыстырады.

ІV-топ «5 жолды өлең»

V-топ Қасымға айтар амалдар. (Қасы не істесе тірі қалар еді?)

VІ-топ Ситуациялық сұрақ.
1. Қасымның қашуы дұрыс па еді? Неге кері қайырылмады?

2. Сен Қасымның орнында болсаң не істер едің?

3.Қазіргі заманда ата-анасымен ренжісіп үйден қашатын балалар бар ма?

Әр топтың тапсырмалары қорғалып, бағаланып, қорытындыланады. (формативті бағалау жүреді)


Мақал - мәтелдермен жұмыс: (мақалдың түсіп қалған бөлігін толықтырады)
1.
Жаңбыр жаумаса — жер жетім.
Үйрек қаз кетсе - көл жетім

2. Ері жоқ ел — жетім
Елі жоқ ер жетім
Парықсыз болса, сөз жетім

3. Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.
4. Қара көзден нұр тайса,
Айналаң қара түн болар.

5. Жақсы - жаңына жолдас,
Жаман малыңа жолдас.
6. Жаман сөз жүрекке тастай тиеді.
7. Қорқаққа қос көрінеді.
8.
Тәрбие отбасынан басталады.
Жаңа сабақты бекіту:
Оқиға желісі - Қасымның өмірден көрген қиыншылығымен басталды
Немен аяқталды? Қорқыныштан жүрегі жарылды. Қасымның өлімі.
Шығарманың идеясы және құндылығы: Жетім көрсең жебей жүр. Әр бала өзінің ата - анасымен бақытты. Ата - ананың қадірін бағалай білейік.
Қорытынды
:
Балалар, бүгінгі сабақ барысында танысқан шығармамызға сүйенсек негізгі ойы не деп ойлайсыңдар?
Нені білдік?
Нені білгіміз келеді?
Қай жерде жүрсеңдер де, қоғамнан өз өмірін таба алмай, өмірдің қиын тағдырына ұрынып, арақ сияқты жағымсыз қылықтарға әуестеніп кеткен адамдарға жек көрінішті кейіппен қараудан аулақ болыңдар, өйткені ондай адамдардың арамызда көп болуына қоғамдағы Иса сияқты адамдар
кінәлі. Әке – шешенің қамқорына зәр болған, Қасым секілді Құрбы - құрдастарыңа оң көзбен қарап, жанашырлық танытсаңдар нұр үстіне нұр болатынын, өз мәртебелерің артатынын естеріңнен шығармаңдар.
Жерде жетім жыласа,
Көкте періште қайғырады - дейді.
Жетімін жылатпаған ел болайық
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын менде аман
Бағалау.
Үйге тапсырма.
«Жетім» әңгімесін оқып, мазмұн
дап, «9ромб» стратегиясына салу

Кері байланыс: Барлық балаға түрлі түсті беттер таратылады. Өз қолдарымен қуыршақ бейнесін жыртады. Қуыршаққа жетім балаларға арнап қз тілектерін жазып күннің астына апарып іледі.

 

Категория: Мои статьи | Добавил: kusmanova_32 (11.12.2017)
Просмотров: 478 | Рейтинг: 4.0/1
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
uCoz