Воскресенье, 06.10.2024, 01:52
Приветствую Вас Гость | RSS

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі!» К.Д.Ушинский 

Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Мақала "Елін сүйген Елбасы"

Елін сүйген Елбасы.

Ғасырлар бойы ата-бабамыздың аңсаған асқақ арамандарының бірі тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ол осыдан 26 жыл бұрын еді. Тәуелсіздікке жету жолында қандай қиындықты бастан кешіргеніміз баршаңызға аян. Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін халқымыз үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңеcтік кезеңнің шырмауында өмір сүрді. Аштықты да, қызыл қырғынды да бастан өткізді. Қиын қыстау замандардан өтіп, азаттықтың ақ таңына да қол жеткіздік. Бұл тәуелсіздік біз үшін басымызға қонған бақ, астымызға тиген тақ десем қателеспеген болармын. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек. Бұл ежелден келе жатқан өмір заңы. Күллі қазақ халқын бір тудың астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, Жәнібек пен Керейді айтпай кету мүмкін емес. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой. «Президент дегеніміз- өз елінің тәрбиелі тұтқасы»,- деп Жүсіпбек Аймаутов айтқандай халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадыр –қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет –ғұрпын, салт –дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, халқының үміті мен сенімін ақтайтын адам болуы керек еді. Дәл осындай атпал азамат-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш президенті ретінде тағайындалды. Ол кісінің бастауымен еліміз елдігін көрсетіп, әлемге таныла бастады. Бейбіт заман болса да, қиыншылықтары аз болмай тұрған мына уақытта ел басқару оңай емес екені белгілі. Елбасы күнделікті қиындық- қарбаластар арасынан ел тағдыры, мемлекет болашағы үшін аса маңызды, ерекше орны бар мәселелерді үнемі есінде ұстап, көзден таса қалдырмайды. Президентіміздің өз қолындағы ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы бүгінгі адамзат алдындағы ұлы ерлігі. «Еліміздің болашағы жастар» демекші елбасы жастардың тәрбиесіне де баса мән беріп келеді. Бүгінде Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы бар, экономикасы дамыған, аяғына нық тұрған, жарқын болашақты, Астанасы гүлденген мемлекет, құдыретты -ел. Ал елбасы артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға. Елбасымыз арқылы күллі әлем Қазақстанды тани түсуде. Шет елдерге барған елбасының әрбір сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей ел қамы екені даусыз.

Еліміздің дамуында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің еңбегі ұшан теңіз, ол әрқашан халық үшін аянбай тер төгуде. Қазақ елінің жағдайын жақсартып, ел ішіндегі бейбітшілік пен татулықты сақтап, аспанымыздың ашық болуы үшін тырысып бағуда. Нұрсұлтан Әбішұлы ежелгі қазақ тарихына енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасы іспеттес.

Тәуелсіз еліміздің қазіргі таңда және болашақта бағындыратын талай асулары бар. Осындай биік мақсаттар бізді тек алға жетелейді. Осы орайда Елбасы еліне сенеді, елі елбасына сенеді. Елін сүйген елбасымыз аман болса, әлі талай нұрлы күндерге жетеріміз анық!

Категория: Мои статьи | Добавил: kusmanova_32 (02.02.2018)
Просмотров: 330 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
uCoz