Воскресенье, 06.10.2024, 01:52
Приветствую Вас Гость | RSS

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі!» К.Д.Ушинский 

Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Мақала "Қара тілді қақ жарған"

Қара тілді қақ жарған

Қазақ халқының бүкіл тарихынан екі олжаны бөліп айтуға болады. Оның біріншісі, әрине, ата-бабаларымыз өздерінің қанын төгіп, жанын беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Екінші олжамыз-сол ата-бабаларымыздың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман есен жеткен тұп-тұнық, мөп-мөлдір қазақ тілі. Бүгінде қазақ тілі – Қазақстан халқын бір мақсатқа топтастыратын ұлттық жаңғыруымызға серпіліс туғызатын айрықша күшке ие болды. 20 жылдан астам уақыт болған қазақ тілінің бүгінгі жағдайы әлі көңілден шығатын жағдайда болмай тұр. Тіл негізінде, қоғамдық құбылыс. Қоғаммен бірге өсіп өнеді, қалыптасып дамиды. Ана тілі жас ұрпаққа тәрбие берудің көзі, ұлтымыздың салтын, дәстүрін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін рухани қазына екендігі аз айтылып келеді. Тіл тек қарым қатынас құралы деген сөз етек алды. Елбасы «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» дегені есімізде. Тіл-ұлттың ең жанды мәселесі. Тілі жойылса, кез келген ұлт жойылады. Тілінен айырылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Оны Кеңес одағы құрамында болған көптеген ұсақ ұлттардың тағдырынан байқауға болады.

  • Бала кезіңде балдай сорып, ана сүтімен бойға сіңген қасиеттер туған тілдің арқасында ғана дариды. Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезде басталмаса, кейін қиынға соғады. Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Қоғамның дамып өзгеруі, мәдениетінің өркендеуі тіл деңгейімен таразыланады. Сондықтан да біз тілге баса назар аударуымыз керек.» Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тіл – ұлт құрылымының негізгі бөлігі. Тілдің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санады. Мысалы «Өнер алды-қызыл тіл», «Бал тамған тілден у тамар», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген сөздер халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Ата-бабаларымыз өзінің асыл мұрасы- тіл өнерін келер ұрпағына жеткізіп, оны аялап, қастерлеуді тапсырып отырған. Бүгінгі күні тіл мәселесі тек қазақстандықтардың ғана емес, Кеңес одағының құрамына кірген бірқатар елдердің бас ауруына айналып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ қазақпен қазақ тілінде сөйлессін» деп атап көрсетіп еді.

Ана тілінің қыр –сырын біліп, меңгеріп, өмірде дұрыс қолдана білу, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – барша қазақтың парызы. Қазақ халқы қалыптасқаннан бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі-кешегі қазақ, бүгінгі қазақ, және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл-халықтың мәңгілік халық болуының қалануының айғағы. Тіл өткенннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу-қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті деп ойлаймын.

Шынымен қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста, отбасында қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз жайт. Бірақ қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл - ортақ тіліміз, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін азаматтардың тілі. Сондықтан тілімізді дамыту, оның мәртебесін көтеру мен қолдану аясын кеңейту мақсатында жоғарғы билік тарапынан тиісті шаралар қабылданып жатыр. Егер ана тілімізге шынымен жанымыз ашитын болса, оны әуелі өзіміз үйреніп, сонан соң балаларымыз бен достарымзға үйреткеніміз абзал. Білімнің алтын тұғыры тіл болғандықтан, мемлекеттік тілдің жайы ең алдымен білім беру жүйесі үшін қашан да өзекті әрі маңызды.

Ана тілімізді өзге ұлттың бойына сіңдіру үшін, әр қазақ баласы негізгі істі өзінен бастауы керек. Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де құрметтете аласың.

Бабамыздың қызғыштай қорып бізге жеткізген шұрайлы тілінің мәртебесін әрқашан жоғарылатуға тырысайық ағайын !

 

Категория: Мои статьи | Добавил: kusmanova_32 (02.02.2018)
Просмотров: 327 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
uCoz