Воскресенье, 06.10.2024, 01:39
Приветствую Вас Гость | RSS

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі!» К.Д.Ушинский 

Категории раздела
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Мақала

Жеке тұлғаны қалыптастырудағы қоғам, мектеп, отбасы ынтымақтастығы.

Қазіргі заман талабы –ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы да, терең білімнің берілуін талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдер мен жүйелі түрде оқушылардың жеке түлға ретінда қалыптасуын, шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру болып табылады.

Отбасы мен мектеп, ата-ана мен педагогтар қарым-қатынасы мәселелері бүгінгі жағдайда маңызды болып отыр, өйткені әр оқушының тұлға болып қалыптасуы, өскелең ұрпақтың дамуы мен тәрбиесінің табысты болуы көптеген жағдайда нақ осы мәселелерді шешуге байланысты.
Осы заманғы мектеп бұрын-соңды болмаған отбасы қолдауын қажет етеді. Бүгінде педагогтің ата-анамен жұмысы оларды оқу-тәрбие үрдісіне белсенді тарта отырып, ынтымақтасуынсыз жүргізілуі мүмкін емес.
Ұзақ уақыт бойы мектеп – негізгі тәрбиеші, ал отбасы оның көмекшісі және одақтасы деп саналып келгені даусыз. Іс жүзінде отбасы тәрбиесі ата-ана бақыты мен ізгіліктің және барлық тәрбие бастауының негізі болып табылады. Тұлғаның жоғары азаматтық және патриоттық сапаларын отбасынан, қоғамнан, туған жерден, өз халқы мен тілінен бөле-жара тәрбиелеу мүмкін емес екені анық.

Тәрбие үрдісінде кім басты және маңызды деген тартысқа салынбай, мектеп пен отбасы өз күш-қайратын бірге жұмылдырғанда ғана тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеу жөніндегі өздеріне артылған жүкті абыроймен атқарып шығады.
Отбасылық тәрбие құндылықтарына ыждағаттылықпен қарап және қоғамдық тәрбие жүйесінде этнопедагогика элементтерін шеберлікпен пайдалану оқушылардың оқуда табыстарға жетуіне оң ықпалын тигізуде.
Өкінішке қарай, бүгінде барлық отбасы бірдей өз баласының тәрбиесі үшін жауап беруге дайын емес. Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениетінің төмен болуы, балалардың жас ерекшелігіне қарай дамуы заңдылықтарын білмеуі, олармен дұрыс қарым-қатынас орната алмауы отбасы тәрбиесіндегі қиындықтың бір себебі болып табылады. Мұндай жағдайда ата-аналарға мектеп көмекке келуге міндетті. Мектеп ата-аналар университеттері, дәрістері, конференциялары, оқулары, семинарлары, ата-аналар бірлестіктері арқылы оларға педагогикалық-психологиялық ағарту және кеңес беру орталығына айналуы керек. Бұл жұмыста мектеп психологтері мен әлеуметтік педагогтердің бар мүмкіндігін тиімді пайдалану қажет.

Ата-аналармен әрбір кездесу отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынастарды іскерлік және мүдделі талқылау түрінде өтуі тиіс. Біз көпшілік жағдайда мектептердің жетістіктерін атап көрсетіп жатамыз, алайда бұл табыстарға ата-ананың да аз еңбек сіңірмегендігін естен шығарып аламыз. Осыған байланысты ата-аналармен өткізіліп келген сынып және жалпы мектепішілік жиналыстардың, дәрістердің, кездесулердің қалыптасып қалған үлгісін сын көзбен қайтадан бір електен өткізген дұрыс.
Сонымен қатар сабақтан тыс уақытта балалардың қызығушылықтары бойынша ата-аналардың жұмыс жүргізуі өте пайдалы. Ата-аналарды мерекелер, әңгімелер, табиғат аясына саяхаттар өткізуге, педагогикалық немесе қорғаншылық кеңестерде жұмыс істеуге тарту тәжірибеге енгізілгізілу керек. Сонда ғана оң тәжірибе алуымыз мүмкін.

Негізінен әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар- бүгінгі мектеп оқушылары. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім» деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Егеменді еліміздің ертеңі-білімді жастардың қолында. Жан-жақты қабілетті, білімді, тәрбиелі ұрпақ – еліміздің баға жетпес қазынасы. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оған көмектесе алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан мейірімділік, ізгілік, қайырымдылық, яғни, адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.

Бәрімізге белгілі әрбір мұғалімнің алдына қойған мақсаты – сабақ сапасын көтеру, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып, шығармашылығын қалыптастыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру, мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты. Егер сабақ тартымды да қызықты болса, оқушы да жақсы меңгереді.

  • Жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынта ықыласын, қабілетін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әрбір сабақты жаңашыл бағытта ұйымдастырып, жаңа үлгілерімен, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жүргізілуі  қажет.

ҚР патриот азаматтарын тәрбиелеу мақсатында мектебімізде тәрбие жұмысының жылдық жоспары құрылды. Жоспар қалалық оқу бөлімі тарапынан берілген жоспар негізінде жасалды. Оқушылардың мектеп қабырғасында тиянақты білім алып, ой өрісі кемелденіп, болашағын болжау қабілетіне ие болу үшін тәрбие жұмысының ұтымды жүйесін ойластырған жөн. Жалпы тәрбие жұмысын жоспарлаған кезде оқушыларға қоғам тарапынан қойылатын талаптарды қарастыра отырып, бойларына қандай қасиеттерді сіңіріп, меңгерту қажеттігін, оқушылардың ой –өрістерін, өзіндік ерекшеліктерін ескерген жөн. Мектебімізде оқушыларды тәрбиелеудің негізгі мақсаты- денсаулығы мықты, сезімтал, рухани адамгершілікті, жаңашылдыққа өзін-өзі бейімдеп дамыта алатын және өз бетімен дұрыс шешім қабылдайтын жан-жақты жеке тұлға тәрбиелеу және оқушылардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, әлемдік және отандық мәденеиет жетістіктерін оқып үйренуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, өз халқының салт –дәстүрін үйрене отырып жаман әдеттерден аулақ болу, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата білу, әдептілікке, сыпайылыққа баули отырып жан-жақты дамыған денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан адамзаттық құндылықтарды меңгерген, жан-жақты дамыған экономиқалық ойлау қабілеті қалыптасқан, қиын өмір мәселелерін шешуде дайын тұлға тәрбиелеу. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің ертеңі –бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры- ұстаздың қолында» деп ұстазға үлкен міндет қойып отыр.

Мектептегі білім - барша әлем тыныс – тіршілігінің алғашқы іргетасы. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» десек, біздің бүгінгі тербеткен бесігіміз - мектеп! Мектеп –білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі. Мектептің басты тұлғасы - мұғалім. Әсіресе, бүгінгі таңда егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалім еңбегі екі еселене түскендігін көзіміз көріп жүр.

Ұстаз- шәкірт жүрегіне жол табатын, оның жан-жақты дамыған жеке түлға болып қалыптасуына жауап беретін жан. «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» деп дана халқымыз айтқандай, жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздың болашақ алдындағы міндеті мен борышы өте үлкен. Әдетте, оқушының бойына шынайы білім-білік дағдыларын дарытып, зердесіне ғылым негіздерін тоқитын, алған білімді өмірде, іс жүзінде қолдана білуге жаттықтыратын ұстаз. Ол өскелең ұрпаққа білім беріп қана қоймай, бала бойына барша адами қасиеттерді сіңіріп, жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауы керек. Сондықтан мектеп, оның ішінде ұстаз – білім мен тәрбиенің ұйтқысы, жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкіл.

Біз әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, пәк жүрегінен орын таба білгеніміз жөн.

Олай болса төмендегі қағиданы жадымызда ұстайық:

Баланы үнемі сынай берсе, ол жек көргенді үйренеді.

Егер бала өшпенділікпен өссе, ол қатыгездікті үйренеді.

Бала үнемі сөгіс естісе, онда кінәлі сезіммен өседі.

Егер баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді үйренеді.

Егер бала шындықта өссе, онда ол әділетті болады.

Егер бала қауіпсіздікте өссе, онда ол адамдарға сенеді.

Баланы орынсыз әлпештей берсе, өзімшіл болып өседі.

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезде қолға алар ісіміздің өзі –ұрпақ тәрбиесі.

Ұлы кемеңгер Абайдың «Адамның адамшылығын жақсы ата-ана мен жақсы ұстаздан болады» дегеніндей, тәрбиенің таразы секілді екенін ескерсек, екі басының тең түсуіне көп көңіл бөліп, мән берген абзал. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына мұғалімдердің ата-аналар мен қосылып жүргізілген шараларына байланысты болмақ. Өйткені ұлттық тәрбиенің ошағы отбасында екінін жоғарыда айтып өттік. Метебімізде ата-аналар мен бірлесе отырып 22-наурыз мерекесі, Жаңа жыл мерекелері жыл сайын өтеді. Сондай-ақайына бір рет ата-аналармен кездесуі, жылына екі рет жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылады. Биылғы жылы ата-аналармен кездесу барысында  қазіргі таңда алаңдатып отырған мәселелерді мысалы суицид, бала тәрбиелеудегі отбасының рөлі сияқты мәселелер қаралды. 4-сыныпта қазан айында ата-аналардың қатысуымен «Толағай» сайысы ұйымдастырылды. Сынып 3 топқа бөлініп әртүрлі тапсырмаларды уақытпен орындады. Жеңімпаз топтарға марапаттау жасалды. Қараша айында "Қолөнер шебері" атты ата-аналардың қатысуымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сонымен қатар оқу жылының басынан бері ұстаздар мерекесі, мизам той, республика күні, алғашқы президент күні, тәуелсіздік күні, «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымына қабылдау рәсімдері  т.б. шаралар өткізіліп жатыр. Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға байланысты және бопсалап ақша жинауға байланысты анкета сұрақтары алынды. Биылғы оқу жылында мектепте 3 үйірме жүргізіледі. Оның үшеуі де тегін жүретін үйірмелер.  Бұл үйірмелерге балалар белсеніп, қызығушылықпен қатысады.  Сонымен қатар ата-аналар мен жұмыс жүргізуде де кемшіліктеріміз жетерлік. Болашақта осы мәселелерді ескере отырып, жұмыс жасасақ көптеген нәтижелерге жетеріміз анық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мои статьи | Добавил: kusmanova_32 (20.12.2017)
Просмотров: 392 | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
uCoz